«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Викторовка ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Викторовка отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өмір сен маған қымбатсың!

13.03.2019

Өмір ол жаратушының адамға берген ең қымбат сыйы. Өмір адамға бірақ рет берілетін мүмкіндік деп есептесек қателеспейміз. Өмірге келдің бе, айналаңа шуағыңды шашып нұрыңды төгетін күндей, мөлдір таза судай, сүттей ақ пейілді жүзі жайдары, қоғамға мейіріммен қарайтын, жанашыр адал адам ретінде өмір сүруге тырысу керек. Иә әр адамның бойында өзіне тән кемшіліктері бар, өзіне тән мінезі бар. Өмірге келгеннен кейін жақсылықпен жамандықтың бірге жүретіні ол даусыз. Адам болған соң қателеспейтін пенде жоқ. Қателік жасадың ба оны түсінген сәтте түзет. Жасағандарыңды қайтарып басынан бастай алмайсың бірақ дәл сол үзілген жерден күдер үзбей шынайы дұрыс та түзу, бақытқа апаратын жол салуға ешқашан кеш емес. Өмір адамға ең қымбат тылсым дүние. Өмір ағып жатқан өзен,  біз сол өзендегі кеме немесе қайыққа ұқсаймыз. Қайық ешқашан өзен ағысына қарсы жүзбейді, сол сияқты бізде қиындық кездессе оған беріле салмай, қарсы тұрып көңілге алмай былай айтқанда ағыс бойымен байыппен жүзіп отырсақ жағағада жетерміз. Айтқым келгені қиындық кездессе сабырмен ашуға бой алдырмай шешу керек. Адам өмірге келген соң өзіне лайықты етіп ата анасы, туған туыстары, отбасы мақтан ететіндей етіп өмір сүруі тиіс. Енді өмір маған қымбат себебі мені осындай дәрежеге жеткізген ата анамның, отбасымның махаббатына бөленіп өсудемін. Мен ер жетіп ата ана, отбасы алдындағы перзеттік парызымды өтеуім керек. Мені осылай мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген ата анама мың алғыс. Мен бақыттымын, осы өмірде барыма ризамын. Өмір маған жаратушының содан кейін ата анамның берген ең қымбат сыйы. Ол сыйды мен қолымнан келгенше бағалап, отбасым қалағандай ашық та адал, еңбекқорда мейірбан және ең бастысы шынайы етіп өмір сүремін. Өмірде ең бастысы өз өзіне сену!      

Викторовка орта мектебінің 11 сынып оқушысы Армия Тәттігүл.

Просмотров: 342


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст