Текст
30.04.2026
Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың, терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында ата-аналарға арналған ақпараттық жадынамалар ата-аналар чаттарына (WhatsApp) таратылды.
Жадынамаларда жасөспірімдердің мінез-құлқындағы алаңдататын белгілерді дер кезінде анықтау, интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту жөніндегі ұсыныстар қамтылған.
Жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ата-аналардың балалардың қауіпсіздігіне, психологиялық саулығына және тәрбиесіне деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.